Ресейлік теннисші Мирра Андреева Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алып, әлемдік рейтингте өзінің ең жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізді.
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Никола Бартункованы сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:2, 6:2 есебімен аяқталып, Андреева финалға шықты.
Бұл нәтиже теннисшінің әлемдік рейтингтегі орнына тікелей әсер етті. Дүйсенбіде жарияланатын ресми жаңартудан кейін Андреева WTA рейтингінде 3-орынға көтеріледі. Sports.kz ақпаратына сәйкес, тікелей рейтингте ол қазіргі таңда Елена Рыбакина мен Арина Соболенкодан кейінгі сатыда тұр.
2026 жылғы маусым Андреева үшін өте табысты өтуде. Ол биыл үш жекелей турнирде топ жарды, олардың қатарында «Ролан Гаррос» (Франция ашық чемпионаты) бар. Сондай-ақ, теннисші WTA қорытынды турниріне қатысу құқығын да иеленді.
Фото: Like tears in rain · wikimedia · BY-SA 4.0
Архивтік фото, түсірілген жылы: 2024.
Дереккөз: Sports.kz

