AlemSport.asia

Никита Бояркин ҚХЛ-дің үздік сейвтерінің қатарына енді

«Адмирал» қақпашысы Никита Бояркин Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының төртінші аптасындағы үздік сейвтер тізіміне ілікті.

«Адмирал» қақпашысы Никита Бояркин Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының төртінші аптасындағы үздік сейвтер тізіміне ілікті.

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымның төртінші аптасындағы ең үздік он қақпашылық сейвтің тізімін жариялады. Бұл рейтингке «Адмирал» клубының қақпашысы Никита Бояркин де еніп, өз шеберлігін көрсете білді.

Бояркиннің өнері сарапшылар мен лига тарапынан жоғары бағаланып, үздік ондықтың тоғызыншы сатысына жайғасты. Қақпашы бұл сәтті СКА командасына қарсы өткен матчта жүзеге асырған болатын.

Айта кетейік, Никита Бояркин бұған дейін «Барыс» клубының намысын қорғаған еді. Қазіргі таңда ол Владивостоктың «Адмирал» командасында өнер көрсетіп жатыр.

Дереккөз: ProSports.kz

Бөлісу:WhatsAppTelegram
AlemSport.asia

Жаңалық іздеу

«Іздеу» батырмасы сайттың барлық жарияланымынан іздейді.

Дереккөз: KFF League · ESPN · World Athletics · UWW