Әлеуметтік желідегі жазбалардан кейін Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жек тақырыбы қызу талқылануда, алайда америкалық сарапшы бұл қарсыластыққа қатысты күмән білдірді.
UFC файтері Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы әңгімелер әлеуметтік желідегі өзара жазбалардан кейін жандана түсті. Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді тізе жарақатынан айығып жатқан қазақстандық спортшы Рахмонов өзінің парақшасында «19-0 vs 19-0» деген жазба қалдырды. Көпшілік бұл жазбаны Моралеспен болатын жекпе-жекке қатысты ишара деп қабылдады.
Өз кезегінде Майкл Моралес Шавкат Рахмоновты 2027 жылға жекпе-жекке шақырды. Алайда, бұл шақырудың бір шарты бар: егер Ислам Махачев басқа қарсыласты таңдайтын болса ғана, Моралес Рахмоновпен кездесуге дайын екенін білдірді.
Бұл жағдайға қатысты америкалық спорт сарапшысы Мэттью Джордо өз пікірін білдірді. Ол бұл ықтимал жекпе-жекке қатысты скептицизм танытып отыр. Джордоның айтуынша, Майкл Моралес UFC-дегі ең асыра бағаланған файтерлердің бірі. Сонымен қатар, сарапшы Моралес техникалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде прогресс көрсетпегенін алға тартады.
Дереккөз: ProSports.kz
